Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда автобусты есірткіге мас күйде басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда автобусты есірткіге мас күйде басқарған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автобус парктерінің 9 лауазымды тұлғасы жүргізушілерінің жол берген бұзушылықтары үшін жазаланды, сондай-ақ көлік құралын есірткіден мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды.

“Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Павлодар полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған мыңнан астам бұзушылықты анықтады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жолаушылар көлігі жүргізушілерінің арасында ең көп кездесетін бұзушылық – маневр ережелерін бұзу және көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану. Нәтижесінде 816 бұзушылық анықталды. Тағы 82 жүргізуші мемлекеттік міндетті техникалық байқаудан өтпей автобусты пайдаланғаны үшін ұсталды.

Автобусты тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаған 75 жүргізуші анықталды. Ал 41 жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жазаға тартылды. Мәселен, 11 қазанда доңғалақ шинасының табаны тозған Mercedes-Benz Sprinter маркалы автобус ұсталды. Тағы бір жүргізуші ГАЗ-3302 көлігін заңсыз қайта жабдықтаған, яғни авариялық шығу орнына қосымша орындықтар орнатты, осылайша жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзды. Екі жағдайда да жүргізушілер ҚР ӘҚБК 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Автобусты есірткіге мас күйінде басқарған жүргізушіні ұстау өрескел факт болды. Павлодар қаласындағы Малайсары батыр-Ермак көшелерінің қиылысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ГАЗ-А65R35 автокөлігін тоқтатты, аталған шағын автобус жолаушылар тасымалын жүзеге асырды. Құжаттарды тексеру кезінде полиция 48 жастағы жүргізушінің өзін дұрыс ұстамайтынын, оның қозғалысы тежелгенін байқады. Бірақ алкогольдің тән иісі болмады, ал жүргізуші өзін саумын деп сендірді. Сонда полиция оған медициналық тексеруден өтуді ұсынды, тексеру жүргізушінің есірткіге мас болғанын көрсетті. Жүргізуші ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Сонымен қатар, қазір оған жеті жыл бойы көлік жүргізуге тыйым салынады. Бұл өз өмірлерін сеніп тапсырған адамдарды тасымалдаған жүргізушілер, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру