Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ұрланған кассалық аппаратты иесіне қайтарды

Ақмола полицейлері ұрланған кассалық аппаратты иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 желтоқсанда Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 44 жастағы тұрғыны өтініш білдірді. Ол 8 желтоқсанда белгісіз тұлға орталық базарда сауда үйлерінің бірінің жанында ГАЗель автокөлік салонындағы “Aisino а-90” кассалық аппаратын ұрлап кеткені туралы хабарлады. Шығын сомасы 114 мың теңгені құрады. 

Өтініш беруші азық-түлік сатумен айналысатын ЖШС-де жұмыс істейтінін және Щучинск қаласына тауарларды жеткізуді жүзеге асырғанын түсіндірді. Ол дүкенге тауарлары бар қораптарды әкелген кезде, автокөлік салоннан кассалық аппарат бар сөмкені ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бурабай ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Щучинск қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті сөмкеде ақша бар деп ойлады. Алайда тек кассалық машинаны көріп, сөмкесін жақын маңдағы гараждардың бірінің төбесіне қойып, қашып кетті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті Бурабай ауданының УҰИ-не қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру