Ақмола полицейлері ұрлықтың бетін ашты
Ақмола полицейлері ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қарашада Целиноград ауданының полиция бөліміне ауданның 62 жастағы тұрғынының 13-15 қарашасы аралығында Тасты ауылындағы үй аумағындағы шаруашылық құрылыстан белгісіз адам электр аралары мен әйелдердің қысқы етіктерін ұрлап әкеткені туралы өтініші келіп түсті.
Өтініш берушінің айтуынша, ол жұбайымен бірге әпкесінің үйінде тұрады. Ерлі-зайыптылар басқа қалаға үйлену тойына кетіп, үш күн бойы үйде болмаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын сотталған, 41 жастағы Тасты ауылының тұрғыны, жәбірленушінің жиені болып шықты. Ол туыстары болмаған кезде үйге қарауға уәде беріп, олардың жоқтығын пайдаланып, электр арасы мен етікті ұрлап кеткен. Ұрланған заттарды қаскүнем сатып, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.