Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяққа алданған ақтөбелік жарты млн теңгесінен айырылды

Алаяққа алданған ақтөбелік жарты млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының тұрғындарының бірі Telegram әлеуметтік желісінің арнасын қарап, инвестиция арқылы табыс табуға уәде берген каналға назар аударады. Ол ұсынылған сілтеме бойынша сайтқа тіркеледі. Көп ұзамай оған брокерлік сайттың өкілі Алена хабарласады. Алаяқтың нұсқауларына сүйене отырып, әйел 300 мың теңгеден астам қаражат аударған. Көп ұзамай сайтта оның 2 млн теңге пайда тапқаны туралы ақпарат шықпын. Алаяқ тағы 200 мың теңгені аударуды сұраған, бұл сома комиссиялық алым екенін түсіндірген.

Кейіннен бұл компанияның өкілдері байланысқа шығуды тоқтатқан. Әйел сайттағы шоттан қаражатты қайтара алмаған. Алаяқтарға 500 мың теңге бергенін түсінген ол полицияға арызбен жүгінген.

Мұндай алдау схемасы жиі кездеседі. “қосарланған” сайттардағы сенімді клиенттер аударған ақша киберқылмыскерлердің қалтасына түседі.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлығына сақ болуды, жеңіл табыс уәделеріне сенбеуді және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру