Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда алаяқ әйел ақшаңды көбейтіп беремін деп тұрғындарды алдап кетті

Ақтауда алаяқ әйел ақшаңды көбейтіп беремін деп тұрғындарды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел адам өз алаяқтықтарын жүзеге асыру үшін WhatsApp мессенджерінде әртүрлі топтар құрған және ол жақта ақша қаражатын салсаңыз, көбейтіп беремін деген уәде берген. Ақтау полициясына алты жәбірленуші бір адамның интернет-алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккенін айтып, арызбен жүгінген. Алаяқ олардан 13 миллионнан астам теңге алып, алдап кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен 51 жастағы күдікті әйел анықталып, ұсталды.

Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Цифрлы технологиялардың дамуымен бірге алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалана отыра, зиянкестер адамның сеніміне оңай кіреді. Маңғыстау полициясы өңір тұрғындары мен қонақтарын аса мұқият болуға шақырады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру