Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде отшашу атып, тұрғындардың тыныштығын бұзған азамат жауапқа тартылды

Семей қаласындағы аулалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы қала тұрғыны 10 мамырға қараған түні тұрғын үйдің жанында отшашу атып, тұрғындардың тыныштығын бұзған. Аталған оқиға туралы тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел түрде анықтады. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, материалдар сотқа жолданды.

Абай облысы полиция департаменті тұрғындарға тұрғын үйлердің маңында, әсіресе түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынатынын ескертеді. Мұндай әрекеттер азаматтардың тыныштығын бұзып қана қоймай, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіруі мүмкін.

Атап айтқанда:
— шартылдақ, бенгаль шамдары және шағын отшашулар тұрмыстық пиротехникаға жатады;
— қуатты фейерверктерді тек ҚР ІІМ лицензиясы бар ұйымдар ғана қолдана алады;
— көлемді отшашулар өткізу үшін алдын ала рұқсат алып, полициямен келісу қажет.

Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік пен айыппұл қарастырылған.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, тұрғындардың тыныштығын құрметтеуге және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру