Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда зейнеткердің әмиянын тартып алған күдікті қолға түсті

Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері банк бөлімшесі маңында болған тонау қылмысын дер кезінде ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Белгілі болғандай, күдікті банк бөлімшесінің жанында 67 жастағы зейнеткер әйелді аңдып жүрген. Күтпеген сәтте ол әйелге шабуыл жасап, қолындағы әмиянын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 117 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерделеп, жәбірленушінің берген бағыты бойынша күдіктінің қозғалыс траекториясын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол Теміртау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру