Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері зейнеткердің үйіне заңсыз кірген қаскүнемді ұстады

Ақмола полицейлері зейнеткердің үйіне заңсыз кірген қаскүнемді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 6 шілдеде патрульдік қызмет батальонының қызметкерлері қаскүнемді қылмыс орнында ұстады. Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғынынан дабыл қоңырауы түнгі сағат 23.35-те келіп түсті. Қорыққан зейнеткер оның үйіне белгісіз біреу кіргенін хабарлады.

Қаскүнем зейнеткердің кіреберісіндегі терезені сындырып, оқиға орнына құрамында Мейрам Шайжанов пен Бауыржан Өмірзақов болған патрульдік полиция батальонының жасағы келген кезде үйге кіріп алған.

Полицейлер осы уақытта бұрын сотталған 28 жастағы жұмыссыз Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 149-бабының 2-бөлігі (Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру