Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 2500 тонна жанар-жағармай материалдарын ұрлау ісін тергеп жатыр

Ақмола полицейлері жанар-жағармай материалдарын ұрлау ісін тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 маусым күні Шортанды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті ЖШС директорының 2023 жылғы мамыр айы мен 27 маусым аралығында 2500 тонна жанар-жағармай материалдарының жоғалғаны туралы өтініші келіп түсті.

Осы іске қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ЖШС-ның барлық қызметкерлерінен жауап алды.

Нәтижесінде полицейлер осы ЖШС-да оператор болып жұмыс істеген 53 жастағы ер адамды анықтады. Оның іске қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру