Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жеңгетайлықпен айналысқан қонақүй әкімшісін анықтады

Жедел алын алу іс-шарасы аясында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «қызмет» көрсететін қыздар үшін притонды ұйымдастырғаны, жеңгетайлық көрсеткені үшін жергілікті қонақ үйлердің бірінің 47 жастағы әкімшісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігімен көзделген (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау) сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Әйел ақшалай сыйақы үшін ер адамға жезөкше санаты бойынша профилактикалық есепте тұрған қызды интимдік қызмет көрсету үшін ұсынған. Ол үшін 12 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған.

Полицияда ЖААІШ барысында ұрланған немесе мәжбүрлі еңбекке тартылған адамдарды анықтау мақсатында, шетелдік азаматтар шоғырланған жерлерде мақсатты іс-шаралар өткізілгенін атап өтті.

Үш күн ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ойын-сауық орындары, монша кешендері, сауналар, қонақүйлер, жалға берілетін пәтерлер, шаруа қожалықтары, фермалар және құрылыс нысандары бойынша рейдтер жүргізіп, адам саудасы, еңбек және тіпті жыныстық құлдық деректерін анықтады.

Іс-шараны өткізу нәтижесінде 4 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде адам саудасы бойынша 1 дерек, 1 – жезөкшелікпен айналысуға тарту, тағы 2 – жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру және ұстау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру