Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жоғалған жылқыны арыз берушінің ауласынан тапты

Ақмола полицейлері жоғалған жылқыны арыз берушінің ауласынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қарашада Ерейментау қаласының 50 жастағы тұрғыны полиция бөліміне жылқының жоғалғаны туралы хабарлады. Ер адам ауладан жоғалған жылқыны іздеуде көмек сұрады. Қала тұрғынының айтуынша, ол жылқыны табыннан Ерейментау ауданының Баймен ауылына әкеліп, үйдің ауласындағы қораға қамаған. 28 қарашада мал иесі жануардың жоқ екенін көрген және ұрлық туралы хабарлап, полициядан көмек сұрады.

Сол күні қылмыстық полиция қызметкерлерінен үш іздеу тобы құрылды. Полицейлер іздерді зерттеп, айналаны аралап, ауланы қарап шықты. Алайда іздеу нәтиже бермеді. Содан кейін тәртіп сақшылары жоғалған жерге оралды. Ақмолалықтың ауласында полицейлер шөп бумалары мен қоршау арасында жылқыны тапты.

Бәлкім, бір нәрседен қорқып, жануар шөп бумаларынан секіріп өтіп, өзін «тұтқындап», шыға алмай қалған. Айта кететін жайт, Ақмола облысының аумағында бірнеше күн бойы аяз тұрды. Жылқыны босату үшін қоршауды бөлшектеуге тура келді. Ерейментау қаласының тұрғыны полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, амандық және жұмыста табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру