Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда белгіленбеген жерде жолаушыларды түсірген жүргізуші анықталды

Павлодарлық полицейлер 1927 заң бұзушылықты “Заңсыз тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы санының көпшілігі қауіпсіздік белбеуімен жүруді құрайды – 496 факт, құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша жауапқа тартылды. Көлік құралдарын басқару кезінде көптеген жүргізушілер ұялы телефонды пайдаланды, 244 автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалды. Сондай-ақ 159 жүргізуші мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген автокөлікпен жүрді, осы бұзушылық үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

– 113 жүргізуші тиісті рұқсаты жоқ көліктерді қайта жабдықтады. Сонымен қатар жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу анықталды, 27 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Айыппұл тұрағына 71 көлік қойылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Мысалы, Павлодар қаласында Камзин көшесінің бойында патрульдік полиция нарядында маршруттық көлік басқарған жүргізуші байқалды, ол жолаушыны белгіленбеген жерде түсірді.

Осы факті бойынша аталған көлік құралының жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру