Ақмола полицейлері жолда бұзылған көлік жүргізушісіне алты сағат бойы көмектесті
Ақмола полицейлері жолда бұзылған көлік жүргізушісіне алты сағат бойы көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен демалыс күндері ауа райына байланысты Ақмола өңірінің автожолдарында жүргізушілер үшін де, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері үшін де қиын жағдай болды. Күшейтілген режимде патрульдік жасақтар ғана емес, барлық аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері де қызмет атқарды.
Бұл ауа райына немесе көлік құралының ақауларына байланысты жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік берді.
Осындай оқиғалардың бірі 2 желтоқсанға қараған түні облыстық маңызы бар Балкашино – Шантөбе автожолында болды. Артқы жартылай осьтің ақауына байланысты астықпен тиелген КамАЗ автокөлігі дөңге көтеріле алмады, бұл басқа көліктер үшін қозғалысты “тоқтатты”.
Жүргізушіге көмекке Сандықтау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Ахат Абдуахитов, әкімшілік полиция инспекторы Данияр Қошқарбаев және 2-арнайы бөлімнің инспекторы Әмірхан Әбенов барды.
Полицейлер толықтай құтқару операциясын бастады, жол қызметтері мен арнайы техниканы тартты. Сонымен бірге құқық қорғау органдары басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Іс-шара 6 сағаттан астам уақытқа созылды және тек түнде аяқталды. Өз кезегінде жүргізуші полицейлерге қамқорлығы мен көмегі үшін алғыс айтты.