Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола ҚАЖД мекемесінде сотталғандар тұрмысқа қажетті заттарды дайындайды

Ақмола ҚАЖД мекемесінде сотталғандар киім-кешекке арналған себеттер, үстел ойындарын және жылыжай қаңқаларын дайындауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандарды жұмыспен қамту – ҚАЖ қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл үшін мүдделі қызметтердің қызметкерлері бірқатар жұмыс орындарының санын арттыру және облыс мекемелерінде жаңа өндіріс түрлерін ашу үшін шағын және орта бизнес (ЖК, ЖШС) өкілдеріне арналған Ашық есік күндері, жұмыс кездесулері мен басқа да іс-шаралар өткізеді.

«Еңбек – Көкшетау» РМК-мен бірлескен жұмыс нәтижесінде Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/25 мекемесінде ағаштан және металлдан жасалған бұйымдарды орындау бойынша жаңа өндіріс ашылды. Онда алғашқы кезде он сотталған жұмысқа орналасты.

– Жұмыс жалғасады деп үміттенемін, жұмысшылар жақсы жұмыс істейді. Болашақта біз көбірек тапсырыс алып, жұмысқа орналасқан сотталғандардың санын көбейте аламыз деп ойлаймын, – дейді жұмыс беруші.

Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы – зейнетақыны есептеу кезінде қажет еңбек өтілі. Сотталғандардың еңбекақысынан талап арыздарын өтеуге, сот үкімі бойынша тағайындалған алимент пен айыппұл төлеуге қаражаттар ұсталынады.

– Қазір жазғы кезеңде мангалдар, жылыжайларға арналған қаңқалар, қоршаулар, дуалдар, түрлі сәндік бұйымдар жасауға тапсырыстар сұранысқа ие, – дейді сотталған Жаслан. – Барлығына үлгеруге тырысамыз, жалақы біздің өндірісімізге байланысты. Тапсырыстар бар екендігі жақсы.
Біз көбірек жасағанда, көп табыс аламыз. Ақшаны талап-арыздарды өтеуге және үйге де жіберуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру