Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы ҚАЖД мекемесі “Домбыра күніне” орай іс-шара өткізді

Ақмола облысы ҚАЖД мекемесі “Домбыра күніне” орай іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында, ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттау мақсатында, Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/24 мекемесінде “Домбыра күні” іс-шарасы өткізілді.
Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні бекітілді.

“Домбыра-бұл қазақтың “төлқұжаты мен бренді”, – деді Елбасы өз құттықтауында.

​ Домбыра – бұл қазақтың жаны, оның тарихы, дәстүрлері, бүкіл өмірі. Ішектер мен күйлердің әуендері арқылы ұрпақтан ұрпаққа біздің құндылықтар мен дәстүрлеріміз беріледі.
Ұлттық домбыра күніне арналған шарада мекеме қызметкері Айдана Теміржанова Әбдімомына Желдібаевтың күйін орындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру