Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола ҚАЖД қызметкерлері “30 игі іс” акциясын жалғастыруда

Ақмола ҚАЖД ЕЦ-166/24 мекемесінің қызметкерлері облыстық «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай КП-100 қызметкерлері мемлекеттік мереке қарсаңында «Шанс» облыстық орталығының қамқорлығындағы балаларға қолдау көрсетіп, «30 игі іс» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Бүгінде орталықта жеті әйел, 3-14 жас аралығындағы 30 бала тұрады. Олардың әрқайсысы әртүрлі себептерге байланысты қиын өмірлік жағдайға тап болғандар.

Қызметкерлер азық-түлік себеттерін, балаларға кітаптар, дамытушы ойындар мен құралдар, кеңсе заттарын сыйлады. Балаларды табиғи шырындармен, тәттілермен қуантты.

– Біздің қызметкерлер жылына бірнеше рет әлеуметтік мекемелерге барады. Мұның бәрі өз еркімен, өздері акция өткізу туралы ұсыныспен келеді, содан кейін өз қалауы бойынша қажетті заттарды сатып алып, балаларға қонаққа барады, – дейді колония бастығы Нұрлан Әлібеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру