Ақмола тұрғыны 13 жасар ұлын тапқаны үшін полицейлерге ризашылығын білдірді
Ақмола тұрғыны кәмелетке толмаған ұлын тапқаны үшін полицейлерге ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 тамызда Целиноград ауданының ПБ кезекші бөліміне ауылдардың бірінің тұрғыны жүгінді, ол өзінің 13 жасар ұлының үйден кетіп қалғанын және полицияға жүгінген кезде оның қайда екені белгісіз екенін хабарлады.
Полиция қызметкерлері дереу арнайы жұмыс топтарын құрды, оған криминалдық және ювеналдық полиция қызметкерлері кірді, жасөспірімнің деректері көрсетілген бағдарлар Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының барлық полиция бөлімшелеріне, сондай-ақ басқа да өңірлерге жолданды.
Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау үшін криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері барлық темір жол және автобус станцияларын тексеріп, автобус парктері мен такси қызметтерінің жұмысшыларынан, сондай-ақ баланың барлық таныстары мен туыстарынан сұхбат алды. Сонымен қатар іздеу шараларына еріктілер қосылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 27 тамызда баланың тұрғылықты жері елордада анықталды. Алдын ала полицияға кәмелетке толмаған баланың қаланың маршруттық автобустарында байқалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Белгілі болғандай, ол автобустан шыққан ауданда полиция қызметкерлері ұл баланы тауып алды және де оны аман-есен үйіне жеткізді.
Кәмелетке толмағанға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды. Полицейлер ата-анасымен және жасөспірімнің өзімен профилактикалық әңгіме өткізді.
Өз кезегінде, баланың анасы Целиноград АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс сөздерімен бейне жазды