Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандардың арасында спорттық іс-шара өтті

Қызылордада сотталғандардың арасында спорттық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЗК-169/1 тергеу изоляторында сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын дамыту мақсатында спорттық іс-шара өткізілді.

Бұл шарада мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар гір тасын көтеру, волейбол, белтемірге (турник) тартылу ойындары бойынша жарысқа түсті. Тартысты өткен додаға Қызылорда облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының әдіскер нұсқаушылары Аңсат  Әбдісадықов және Сағидат Бертай есімді қызметкерлер төрелік жасап,  сайыс қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен марапаттады.

–  Жаза мерзімін өтеушілерді түзелу жолына салу мақсатында АКАӘПТЖБ-нің қызметкерлері әртүрлі тәрбиелілік іс-шара ұйымдастырып отырады. Өйткені қылмыс жасаған адамдарды түзелу жолына бағыттау мекеме қызметкерлерінен біраз күш-жігерді талап етеді. Заңды бұзған адамдарды жазалау орындарына түскенде олардың ой-өрісін психологиялық тәрбиелеу мен еңбекке баулу және әртүрлі спорттық шараларға қатыстыра отырып тәрбиелейді, – дейді бөлім бастығы Ардақ Тұрманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру