Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны алаяққа несиеге телефон алып берді

Ақмола тұрғыны алаяққа несиеге телефон алып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 16 мамырда сағат 14:40-та Бурабай АПБ кезекші бөліміне Щучинск қаласының 18 жастағы тұрғынынан 13 мамырда сағат 14:30-да белгісіз адам алдау жолымен жігіттің 150 мың теңге сомасында ақшалай қаражатын иемденгені туралы өтініш келіп түсті.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Степногорск қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтады, ол өз кінәсін мойындады.

Осыдан кейін күдікті бірден жігітті несиеге телефон алуға көндіре бастады. Сонымен бірге ол оған жарамсыз мәліметтермен қолхат қалдырып, өзі төлейтініне уәде берді. Мұндай байсалды адамға бас тартпау керектігін түсінген жігіт күдіктінің шарттарымен келісіп, оған «Sulpak» дүкенінде несиеге ресімделген телефонды берген.

Келесі күні оның телефоны өшірулі болған соң, жігіт полицияға хабарлау туралы шешім қабылдады.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру