Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда 3 млн теңгені құрайтын алтын бұйымдарды алып кеткен алаяқ қолға түсті

Ақтаулық полицейге қылмысты ашқаны үшін жергілікті тұрғын алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы Полиция басқармасының бастығының атына тергеушіге алғысын білдіріп, жергілікті тұрғын хат жолдаған болатын. Оның айтуынша, 2018 жылы үш миллион теңгені құрайтын әртүрлі алтын бұйымдарын алаяқтық жолмен алдап алған азаматтың үстінен арызданған. Тергеу барысында айыпталушы ақиқатты бұрмалауға тырысып, көптеген құйтырқы әрекеттерге барған. Сондықтан да тергеу ұзаққа созылып, 2020 жылы желтоқсан айында қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолданған болатын. Ағымдағы жылдың ақпан айында айыпталушының іс-әрекеті Ақтау қалалық сотымен толық дәлелденіп, кінәлі деп танылды.

Бұл іске тергеп-тексеру жүргізген – Ақтау қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Мирас Балтабайұлы. Мирастың тергеу саласында қызмет атқарғанына төрт жыл болды, бұл көп уақыт болмаса да осы кезге дейін ол бірнеше қылмысты ашып, халықтың алғысына бөленіп жүрген жас маман. Осы қылмысқа тергеп-тексеру жүргізіп, істі соңына дейін апарып өзінің нағыз маман екендігін тағы да бір дәлелдеді.

Қазіргі таңда аталмыш іс бойынша жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толықтай өтеліп, кінәлі деп табылған адам сот шешімімен өз жазасын алды.

Тәжірибелі тергеушінің қызметіне риза болған тұрғын, оның үлкен құрметке лайық екенін атап өтіп, басқарма бастығы Мадияр Омаров пен Ақтау қаласы ПБ тергеу бөлімінің бастығы Мақсат Молдабаевқа да алғысын білдірді.

– Тергеуші мамандығы қашан да шынайылық пен төзімділікті, сауаттылықты талап еткен. Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы Қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес, істі жан-жақты зерттейді. Адам тағдырына деген жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымау кез-келген адамның қолынан келе бермейді де, – деп атап өтті облыстың бас полицейі Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру