Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны өгей әкесін ұрып, телефонын ұрлап кеткен

Ақмола тұрғыны өгей әкесін ұрып, телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерейментау ауданының ПБ тергеу бөлімі ҚР ҚК-нің 106-бабында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Сонымен қатар, ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

18 қарашада отырыс кезінде күдікті мен жәбірленуші арасында жанжал шығып, өгей ұлы әкесіне дене жарақатын салып, оның ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Дене жарақаттарын салу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізілді, оның нәтижелері өтініш берушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілгенін көрсетті. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Айта кету керек, ер адам бұрын тонау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру