Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер пәтерден ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

Сарыағаштық полицейлер пәтерден ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын пәтер ұрлығы туралы арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның үйіне терезе арқылы белгісіз біреу кіріп, 200 000 теңге ақшасын ұрлап кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Ұрлықты ашу мақсатында сарыағаштық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді.

Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері екі күн бойы тыңғылықты жүргізілген істің нәтижесінде, аталған іске күдікті ретінде жергілікті тұрғынды құрықтады.

Белгілі болғандай, пәтер ұрысы жәбірленушінің үйінде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп алған. Содан кейін терезе арқылы тұрғын үйге кіріп, ақшаны ұрлап кеткен. Сондай-ақ күдікті жымқырған ақшаны бас пайдасына жаратқан. Қазіргі уақытта орта жастағы күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру