Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны өртті дер кезінде сөндіруге көмектескен полицейге алғысын білдірді

Ақмола тұрғыны өртті дер кезінде сөндіруге көмектескен учаскелік инспекторға алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Целиноград ауданының Қараөткел ауылында учаскелік инспектор өрттің таралуына жол бермеді. Осы жылдың 7 қазанына қараған түні үйіне келе жатқан полиция қызметкері Ноғайбаев Талғат қызмет көрсетілетін учаскедегі үйлердің бірінің ауласындағы өртті байқады. Тәртіп сақшысы ойланбастан биік қоршаудан секіріп өтіп, үй иелерін ояту үшін есіктерді қақты. Көмір сақталған қосымша салынған құрылыс өртеніп жатқаны белгілі болды.

Жалынның көрші құрылымдарға таралу қаупі болды. Көмірдің жанында гараж бен қора, сондай-ақ көрші үйдің қосалқы ғимараттары бар. Уақыт жоғалтпай, учаскелік инспектор өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенге дейін оянған үй тұрғындарымен бірге өртті сөндіре бастады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті оқшаулау мүмкін болды.

Қараөткел ауылының тұрғыны Ерік Чинчалинов инспекторға келесідей алғыс сөздерін жазды:

– Біздің учакелік инспекторға көп рақмет. Сол түні өртті сөндіру кезінде ол ең жақсы қасиеттерін көрсетіп, жанып тұрған отқа жүгірді. Талғаттың арқасында бәрі жақсы аяқталды. Кәсіби шеберлігі мен адами қасиеттері, батылдығы мен өз ісіне деген адалдығы үшін рақмет. Сізге және сіздің жақындарыңызға денсаулық, отбасылық бақыт және амандық тілеймін!

Полиция қызметкері Талғат Ноғайбаев 9 жылдан бері Қараөткел ауылдық округіне қызмет етіп келеді. Тәртіп сақшысының өзі іс-әрекетін ерекше деп санамайды.

– Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Мен басқаша істей алмадым, тек өз жұмысымды жасадым, – дейді Талғат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру