Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында “Автобус” ЖПІШ аясында 59 құқық бұзушылық анықталды

Ұлытау облысында “Автобус” ЖПІШ аясында 59 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы аумағында “Автобус” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Шараның негізгі мақсаты – азаматтарды тасымалдайтын қоғамдық көліктердің жүргізушілері арасында заңдылықты және жол жүру ережелерін қатаң сақтау.

Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі және Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бүгін “Транко-Экспресс” ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді. Автопарк ұжымымен кездесу аясында ЖПҚБ бастығының орынбасары Ерғали Қожабеков, Әкімшілік полиция басқармасының бастығының орынбасары Ернияз Алиев, бөлім бастығы Арман Әбілқасымов қатысып, “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үш күнде облыста 59 әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын атап өтті.

Тәртіп сақшылары іс-шараның басты назары қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне бағытталғанын айтты. Осыған байланысты жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау шараларын күшейту қажет.

– Біздің міндетіміз өзара әрекеттесу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. Ең бастысы, жолдар барлық қозғалыс қатысушылары үшін қауіпсіз болғаны жөн, – деді полицейлер.

“Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру