Ақмола тұрғыны жұмыс орнында жарақат алды: тергеу басталды
Ақмола тұрғыны жұмыс орнында жарақат алды. Осы жайт бойынша тергеу амалдары басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 шілдеде сағат 14:00 шамасында Целиноград АПБ полиция бөліміне Астана қаласының №2 қалалық ауруханасына «ЖБМЖ, мидың шайқалуы, сол жақтағы төменгі үшінші
білектің жабық сынуы, оң аяқ табанының жабық сынуы, маңдайдың сол жағында көгерген жыртылған жарасы» диагнозымен өңірдегі ЖШС-нің бірінің 31 жастағы жазғы жұмысшысы жатқызылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Алдын ала тергеу барысында ер адам құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс объектісінде 2-қабаттан құлап, жарақат алғаны анықталды.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторымен тексеру жүргізіледі.