Ақмолада 137 рет жылдамдық режимін бұзған азаматқа 1,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Ақмола полицейлері жылдамдық режимін 137 рет бұзған жүргізушіні ұстады. Жүргізушіге салынған айыппұлдар сомасы 1 млн теңгеден асты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының аумағында жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ету және әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өндіріп алу мақсатында полицейлер ағымдағы жылдың 7-30 маусымы аралығында жеке сот орындаушыларымен бірлесіп «Борышкер» ЖПІШ жүргізеді.
«Борышкер» ЖААІШ өткізу кезеңінде «Қорғау» бағдарламасы кеңінен қолданылады. Оның көмегімен 5 және одан да көп әкімшілік айыппұлдары баржүргізушілердің 20 көлік құралы ұсталды. Бұл ретте 14 қасақана бұзушы шамамен 3 млн теңге сомаға айыппұл төледі.
Олардың ішіндегі ең құқық бұзушы РФ-да есепте тұрған Toyota Camry автокөлігін басқарған Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. «Қорғау» бағдарламасының көмегімен полицейлер ер адамның жылдамдықты 137 рет асырып жібергенін анықтады. Бұл құқық бұзушылық 1 млн 250 мың теңге айыппұлды құрады. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушының көлігін арнайы тұраққа қамады.
Бұдан басқа, «Қорғау» бағдарламасының көмегімен жүргізушілері басқару құқығынан айырылған 3 көлік анықталды. Бұл көлік құралдары базада басқару құқығынан айырылған деп аталды.
Жалпы, «Борышкер» ЖПІШ өткізу кезеңінде борышкерлерден шамамен 30 млн теңге өндірілді, 43 көлік құралы арнайы тұраққа қамалды.