Ақмолада 3 көліктің қатысуымен ЖКО орын алып, екі бала ауруханаға жатқызылды
Ақмолада үш көліктің қатысуымен ЖКО орын алып, екі бала ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 16 мамырында сағат 14:45-те Зеренді АПБ кезекші бөліміне «Көкшетау-Атбасар» автожолының 14-ші шақырымында зардап шеккендер бар ЖКО болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Toyota Balandcruiser маркалы автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында жүріп өтіп, басып озу маневрін жасап, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Nissan Мaxima маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол бергенін анықтады. Соққыдан Nissan Мaxima автокөлігі Көкшетау қаласының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mitsubishi Canter маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
ЖКО нәтижесінде Көкшетау қаласының жергілікті облыстық ауруханасына түрлі жарақаттармен MitsubishiCanter маркалы автокөлігінің жүргізушісі, NissanMaxima маркалы автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы жеткізілді. NissanMaxima көлігінің жолаушылары – кәмелетке толмаған екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Toyota Land Cruiser көлігінің үргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сараптама тағайындалды.