Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жалғызбасты анаға көмек көрсетілді

Түркістан облысында жалғызбасты анаға көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс қалалық пробация қызметі бөлімі мен “Арыс қалалық әйелдер кеңесі” қоғамдық бірлестігінің арасында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған және әкімшілік қадағалау орнатылған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 2021 жылдың ақпан айында ынтымақтастық туралы келісім жасалынған болатын.

Осының негізінде “Қайырымдылық жасау қайырымды жандардың қолынан келеді” атты акциясы 2021 жылы 8 мамыр күні Түркістан облысы, Арыс қаласы, Кәсіпкерлер палатасының жанынан құралған “Іскер әйелдер” мүшелері, белсенді Іскер ханымдардың ұйымдастыруымен Қожатоғай елді мекенінің тұрғыны, Арыс қалалық пробация қызметі бөлімінде есепте тұратын жазасы өтеуге кейінге қалдырылған Замира есімді азаматшаға көмек көрсетілді.

Оның балаларына жазғы киім-кешектермен, азық-түліктер де берілді. Жағдайы төмен отбасы көрсетілген көмекке алғысын білдірді.

– Мен Арыс қалалық пробация қызметі бөлімінің көрсеткен көмегіне алғысымды білдіремін. Төрт баламды жалғыз өзім өсіріп келемін. Жалғызбасты анаға балаларды өсіріп жеткізу қиын. Дегенмен де, елімізде осындай қайрымды жандардың барына қуанамын, – деп алғысын білдірді Қожатоғай елді мекенінің тұрғыны Замира.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру