Ақмолада автоұры қолға түсті
Ақмолада автоұры қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 15 мамырда полицияға Целиноград ауданы Қаражар ауылының 32 жастағы тұрғыны жүгінді, ол ағымдағы жылдың 13 мамырда үйінің ауласынан Nissan маркалы автокөлігі ұрланғаны туралы арызданған.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жәбірленушінің танысы айдап кеткенін анықтады. Күдікті бұрын көлік иесінде жұмыс істеген. Елорданың 23 жастағы тұрғыны көліктің иесі үйде болмаған сәтті пайдаланып, өз жұмыстары бойынша оның көлігін пайдалануға шешім қабылдағанын мойындады. Алайда ЖКО-ға түсіп, автокөлікті аударып, оны зақымдады.Ер адам бұрын сотталмаған. ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу амалдары жалғасуда.