Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жалған құжат дайындаған алаяқ ұсталды

Шымкентте жалған құжат дайындаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 16 мамырында Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ-ның 102 сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу 20 млн. теңге несие шығарып беремін деп, үйін алаяқтық жолмен өзінің атына рәсімдеп алғанын, алайда несие шығарып бермей, үйін басқа адамның атына рәсімдеп, аса ірі мөлшерде залал келтіргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД-нің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 54 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкенттік полицейлер азаматтардан өзіне бейтаныс адамдарға сенім білдірмеуге, сондай-ақ үйге және жеке басына қатысты құжаттарын бөгдеге бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру