Ақмолада досының көлігін айдап кеткен мас жүргізуші апатқа ұшырады
Ақмолада досының көлігін айдап кеткен мас жүргізуші жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астрахан ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен оның досы бірнеше минутқа іссапармен бару үшін көліктің кілтін алып, өзі ЖКО жасағаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Мән-жайларды анықтау барысында полицейлер осы ЖКО-да ешкім зардап шекпегенін, алайда ҚК 346-бабының 2-бөлігінде (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері барын анықтады.
27 жастағы ер адамның 36 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды, сондай-ақ медициналық куәландыру қорытындысы негізінде ол «жеңіл дәрежеде» алкогольдік мас күйінде болған.Айта кету керек, ағымдағы жылдың 7-9 мамыр аралығында облыс аумағында полиция қызметкерлері облыстық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, оның барысында жол полицейлері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 23 жүргізушіні ұстады.