Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында тұрғындардан әкімшілік айыппұлдар өндірілді

Ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралығында салынған әкімшілік айыппұлдарды өңдіру бойынша “Борышкер” акциясы жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімімен, атқарушылық іс жүргізу департаменті және жеке сот орындаушылар региональдық палатасымен бірге әкімшілік айыппұлдарды өндіруге бағытталған қызмет барысы күнделікті өткізілуде.

Ақтөбе қаласы Полиция басқармасымен осы төрт ай қорытындысы бойынша 285 млн. теңгеден астам айыппұл мөлшерінде салынып, оның 180 млн. теңгеден астам мемлекет пайдасына өндірілді.

Осыған байланысты, Ақтөбе қаласы ПБ ППБ қызмет инспекторлары, УПИ, КЖТ УПИ қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен біріккен түрде мобильдік топтары құрылып, осы айыппұлдарды төлемей жалтарынып жүрген азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша аралап, оларға айыппұл төлеу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. ҚР ӘҚБтК-нің 797-бабының талаптарына сәйкес, айыппұлдарды қасақана төлемей жүрген көлік құралдарының иелерін жол қауіпсізідігін қамтамасыз ету кезінде “Автоураган” АБК қолданысымен анықтап, айыппұл тұрақтарына қойылуда.

Ақтөбе қаласының құрметті тұрғандары және қала қонақтары, Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы, қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу керек екенін ескертеді, себебі, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес белгіленген уақытта айыппұл төленбеген кезде, мәжбүрлі түрде өндіріледі.

Сондықтан, Сіздерге берілген қысқартылған тәртіппен айыппұлды төлеуді ұсынамыз, айыппұл салынған күннен бастап жеті тәулік аралығында төлесеңіз, айыппұл мөлшерінің 50 пайызын төлейсіздер.

Егер де, жеті тәулік аралығында төлемесеңіз, ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабының талаптарына сәйкес толыққанды түрде айыппұл төленетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру