Ақмолада колония қызметкерлері Бейімдеу орталығына барды
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында ЕЦ-166/18 мекемесінің қызметкерлері Ақмола облысы Степногорск қаласының Бейімдеу орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұнда түсінбеушілікке, отбасындағы проблемаларға тап болған 20-ға жуық ересектер мен балалар тұрады. Бұл әлеуметтік мекеме бірнеше ай бойы олардың туған үйіне, отбасына айналады, онда оларға қамқорлық жасайды, назар аударады, жанының жылуымен бөліседі. Колония қызметкерлері жыл сайын балаларға арналған әлеуметтік мекемелерге барады, көп балалы отбасыларға, қарттарға және жалғызбасты адамдарға көмектеседі.
– Әріптестер Бейімделу орталығына бару туралы шешім қабылдады. Бұның басты себептерінің бірі – балалардың қиын жағдайда болуы. Тәттілермен, ең бастысы жақсы көңіл-күймен жас офицерлер орталыққа барды, – дейді мекеме бастығының орынбасары Иван Падалко.
– Балалардың және олардың ата-аналарының қуанған жүзін көру біз үшін қуаныш болды. Біз балалармен қалжыңдастық, ойнадық, күлдік, мереке туралы әңгімелестік. Орталық тұрғындарын сәл жігерлендірдік деп ойлаймын. ЕЦ-166/18 мекемесінің барлық ұжымы атынан қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Ақ дастархандарыңыз әрқашан бай, ал үйлерiңiз қонақтарға, достарыңыз бен туыстарыңызға толы болсын, – дейді мекеме жасағының бастығы Мақсат Оспанов.