Ақмолада көші-қон заңнамасын бұзған қырғызстандық анықталды
Ақмолада көші-қон заңнамасын бұзған қырғызстандық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 11 маусымда Ақмола облысы ПД Бурабай көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құжаттарды тексеру кезінде Қырғызстан Республикасының азаматы жасаған құқық бұзушылықты анықтады.
Өткен кезеңде Ақмола полицейлері Халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 525 әкімшілік хаттама жасады, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша 313 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар қабылдаушы тараптың құқық бұзушы 169 азаматы шетелдіктерге тұрғын үй бергені және келген шетелдіктер туралы уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жазаға тартылды.
Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін 43 жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды.
Сонымен қатар полицейлер ҚР ҚК 392-бабы бойынша ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтудің екі фактісін анықтады. ҚР ҚК 394-бабы бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.