Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген 6 қылмыскерді ұстады

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген алты қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде  көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 009 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

– 2021 жылдың 7-16 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында  “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезенінде Шемонаиха ПБ-нің көші-қон қызметкерлерімен құжаттарды тексеру кезінде азаматшадан Ресей Федерация азаматшасының төлқұжаты бола тұра Қазақстан Республикасы аумағына кірген кезде Қазақстан Республикасы азаматшасының құжатын пайдаланғандығы анықталды. ҚР ӘҚБтК 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып 100 АЕК көлемінде айыппұл салынған және сот шешімінен ҚР аумағынан шығарылған, – деді ШҚО Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Шетел азаматтары келгені туралы полиция органдарына уақытылы хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасынын 339 азаматы жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетел азаматының еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 43 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

43 шетел азаматы соттың шешімімен елден тысқары шығарылды.
Криминалды полиция қызметкерлері іздеуде жүрген алты қылмыскерді ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру