Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол”: Ақтөбеде жол қозғалысы ережесін бұзған 3 мыңнан аса жүргізуші жазаланды

Ақтөбеде “Қауіпсіз жол” алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібінің алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының аумағында 2021 жылғы 17 мамыр мен 17 маусым аралығында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Белгіленген қозғалыс жылдамдық ережелерін бұзғаны үшін 2 461 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 155 фактісі, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 139, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермегені үшін 1 383 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 3 279 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту бойынша 432 жол жүру фактісі анықталды.Сондай-ақ, аталған жедел алдын алу іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін бұзған 1075 қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауына ерекше көңіл бөлінеді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға және жолдарда өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды еске алуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру