Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада мопедті басқарған жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетті 

Ақмолада мопедті басқарған жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 19 мамырда сағат 22:53-те Ерейментау АПБ кезекші бөліміне Селеті ауылдық округінің әкімінен Селеті ауылы Гагарин көшесінің бойында ЖКО болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 19 мамыр күні сағат 22:10-да 17 жастағы жасөспірім Hummer маркалы мопедті басқарып, Гагарин көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткенін анықтады.

ЖКО нәтижесінде ауруханаға түрлі жарақаттармен үш адам жеткізілді: 17 жастағы екі жігіт және 16 жастағы мопед жолаушысы.

Жас жігіттің жүргізуші куәлігі жоқ, ал оның көлігі тіркелмеген. Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр, құқық қорғау органдары апаттың мән-жайын анықтауда.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 345-баптың 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Одан әрі тексеру жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру