СҚО полицейлері үш күнде 1300-ден аса жол ережесін бұзуды анықтады
СҚО полицейлері үш күнде 1300-ден аса жол ережесін бұзуды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлдықтар көбінесе Жол жүрісі ережесін бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кету, жаяу жүргіншіге басымдылық бермеу, маневрлеу (әдетте солға бұрылған кезде) кезінде бұзады. Сондай-ақ, ауыр жағдай салдарымен жол-көлік оқиғасына әкелетін, жол ережесін өрескел бұзуға жататын, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кету жатады. Осындай бұзушылыққа түс кезінде Интернациональный көшесінде SsangYong автомобилімен келе жатқанда, «Ассорти» базарының маңында Петропавл қаласының 44 жастағы тұрғыны жол берді. Бұзушылықты автопатруль тіркеп, ер адам әкімшілік жауапкершілкке тартылды. Ереже бұзу «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде анықталды.
– ЖПІШ басты мақсаты – жүргізушілердің жолдағы тәртібін, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру, – дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. – Бұл әсіресе балалардың жазғы демалысы кезінде өзекті. Үш күннің ішінде облыс жолдарында 1358 түрлі бұзушылықтар анықталды. 36 жүргізуші жаяу жүргінші жолағынан жаяу жүргіншілердің өтуіне басымдылық жасамай, 33-і бағдаршамның тыйым салынған белігісіне өтіп кетіп, темір тұлпарды тізгіндеген 38 жүргізуші маневрлеу ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, 27 адам масаң күйде рөлге отырған. Балалар жазғы демалыс кезінде уақыттарының басым бөлігін далада өткізетіндіктен, жүргізушілерге мұқият болуды және ЖЖЕ қатаң сақтау қажеттігі жайлы естеріне саламыз.