Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада наиб имам түзеу мекемесінде кездесу өткізді

Ақмолада наиб имам түзеу мекемесінде кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЕЦ-166/25 мекемесінде ораза ұстауды ниет еткен 80-ге жуық сотталған бар. Көкшетау қалалық Науан хазірет мешітінің наиб имамы, «Насихат» қоғамдық бірлестігінің теологы Диас Байжігітов мекемедегі сотталғандармен кездесті.

Дін қызметкері ұлық мерекеге тоқталып, мекемеде болған кезде ішкі тәртіпті бұзбай ораза ұстау және намаз оқу туралы түсінік берді. Сотталғандар ораза ерекшеліктерін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.

Жиын соңында наиб имам ниет білдірген әрбір тұтқынмен әңгімелесіп, әр ауызашардың ажырамас бөлігі саналатын қасиетті су мен құрмаларды табыс етті.

– Жыл сайын Рамазан айында біз тұтқындармен кездесуге тырысамыз. Бұл жерде әрқашан айтатын нәрсе бар, көбісі сотталмай тұрып өз өмірлерін қайта қарастырады, мұны адамдардан көруге болады, олар не және қалай істеу керек, ораза кезінде және мерекеде өзін ұстауға қызығушылық танытады. Тіпті олардың кейбіреулері бостандыққа шығып, басқаша, жақсырақ, жан дүниесі таза өмір сүре бастаса, біздің кездесулеріміз бекер болмағаны деп білемін, – дейді Диас Байжігітов,

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру