Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада пробация қызметінің есебінде 223 сотталған тұр

Ақмолада пробация қызметінің есебінде 223 сотталған тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Целиноград ауданы мәдениет үйінде жергілікті атқарушы органдар және жастар ресурстық орталығы Целиноград ауданы пробация қызметі мен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қатысуымен Selinograd jastary атты слеті өтті.

Целиноград ауданы пробация қызметінде 223 сотталған есепте тұр. Оның ішінде бір сотталған кәмелеттік жасқа толмаған. 18-29 жас аралығындағы сотталғандардың саны – 38.

Бүгінгі таңда сотталғандармен пробация тарапынан және де жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе профилактикалық жұмыстар өткізілуде. Сотталғандарды қайта әлеуметтендiру, әлеуметтiк пайдалы байланыстарды сақтау және қолдау, әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетілуде.

Жастар кез келген сәтте еліміздің өсіп-өркендеуі жолында өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып, белсенділік таныта білуі керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру