Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада қаскүнем көпқабатты үйдің төбесінен кабельді ұрлап кетті

Ақмолада қаскүнем көпқабатты үйдің төбесінен кабельді ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын жасалған қылмыстарды ашу – Ақмола облысы ПД құрылымдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мәселен, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Көкшетау қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет байланысты техникалық қамтамасыз ету бойынша компаниялардың бірінің 29 жастағы өкілінің өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты.

Өтініш беруші 2020 жылдың 16 қыркүйегінде белгісіз адам көпқабатты үйдің төбесінен “FTP-2/10” маркалы кабельді ұрлап кеткенін хабарлады.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 187-бабы (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмысты ашу барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктінің жеке басын анықтай алды. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, жұмыс істемейтін, облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру