Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері бөтен автокөлікпен жүрген елорда тұрғындарын ұстады

Целиноград аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілдеде полицияға Софиевка ауылының 27 жастағы тұрғыны 21 шілдеге қараған түні ауладан белгісіз тұлға ВАЗ 2114 маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданған. Шығын сомасы 700 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер аталған қылмысты жасаған күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар 19, 27 және 34 жастағы елорданың үш тұрғыны болып шықты.

21 шілдеге қараған түні қаскүнемдер аулада автокөлікті байқаған. Алдымен олар назар аудармас үшін көлікті ауладан шығарды. Содан кейін салонға құлыпталмаған магистраль арқылы кіріп, елордаға кеткен. Олар басқа біреудің көлігін жеке мақсатта пайдалануға шешім қабылдады. Күдіктенбеу үшін ер адамдар автокөлікті ВАЗ 2109 маркасының сыртқы түріне өзгерткен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру