Ақмолада туыстары мен таныстарының атынан несие рәсімдеген алаяқтар анықталды
Ақмолада туыстары мен таныстарының атынан несие рәсімдеген алаяқтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен демалыс күндері Ақмола полицейлері несие мен қарызға алуды рәсімдеумен байланысты алаяқтықтың үш фактісін ашты, олардың екеуінде қылмысты жәбірленушілердің таныстары мен туыстары жасаған.
Степногорск қаласының 73 жастағы тұрғыны полицияға өтініш жасап, 4 сәуірде мобильді қосымша арқылы оның атына банктен 114 мың теңге сомасында несие ресімделгенін хабарлады. Зейнеткердің атына несиені алаяқтар емес, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 32 жастағы ұлы ресімдегені анықталды.
10 сәуірде Бурабай ауданының 22 жастағы тұрғыны өзінің 19 жастағы танысының атына микрокредиттік ұйымда 30 мың теңге сомасында қарыз ресімдегені анықталды.
Сондай-ақ, 10 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақкөл ауданы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. Жұмыссыз жүрген ауыл тұрғынының атына елорданың 40 жастағы тұрғыны 60 мың теңге несие рәсімдегені анықталды.
Жоғарыда аталған барлық фактілер ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
– Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырса да төлқұжат және басқа да жеке мәліметтеріңізбен бөліспеңіз және ұялы телефоныңызға түскен банк карталарының нөмірлерін, pin-кодтарды, сондай-ақ SMS құпиясөздерді хабарламаңыз, – деп ескертеді полиция қызметкерлері.