Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда құқық қорғау органдары арасында қазақ күресінен чемпионат өтті

Қостанайда құқық қорғау органдары арасында қазақ күресінен чемпионат өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері “Динамо” дене тәрбиесі-спорт қоғамы базасында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған қазақ күресінен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында чемпионат өтті. Жарысқа қалалық және аудандық бөліністерден 100-ден астам палуандар қатысты, олардың арасында осы спорт түрінен спорт шеберлері, “Қазақстан барысы” республикалық турнирінің қатысушылары бар.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев қатысушылардың әрқайсысы қазақ күресінің дамуына өз үлесін қосатынын атап өтіп, барлығына сәттілік тіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық жарыстар полицейлердің дене дайындығының жақсы деңгейін көрсетті. Күрес түрлерінің негізгі әдістерін меңгеру күш құрылымдарының жұмысында, әсіресе қылмыскерлерді ұстау кезінде үлкен маңызға ие.

– Спортпен бірнеше жыл айналысып келемін, дзюдодан республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз және жүлдегер атандым. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан жақсы формада болуы керек деп санаймын. Сондықтан біз күнделікті спортқа ерекше назар аударамыз. Біздің командир Жәнібек Мұхамеджановқа көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді, – дейді арнайы жедел ден қою жасағаның инспекторы Алмас Жұмағали.

Айта кету керек, бұл спорттық сайыстың үздік жеңімпаздары Петропавл қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші топта Рудный полицейлері, ал екінші топта ПД Арнайы жедел ден қою жасағы қызметкерлері жеңіске жетті.

66 келіден 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар: Мұхтар Ғилаж (ТЖД), Жәнібек Ғалымханов (Рудный қаласы ПБ), Бекзат Салауат (АЖДҚЖ), Ерхан Есентаев (ә/б 44803 ӘҚҚ), Алмас Жұмағали (АЖДҚЖ), Жан Сәбит (Арқалық қаласы ПБ).

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру