Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада түзеу мекемесінің қызметкерлері мерекелік сауалнама жүргізді

8 наурыз қарсаңында Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері ерлер арасында сауалнама жүргізіп, әйелдерге арналған құттықтауларды ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/18 мекемесінің қызметкерлері әріптес әйелдерді көктем мерекесімен құттықтады.

Ерлер ұжымы бұл күні әріптестерінің арасында “8 наурыз деген не және бұл күн нені білдіреді?” деген сауалнама жүргізді.

- Біздің ұжымдағы ер адамдардың пікірлері бір-біріне сәйкес келді. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні. Көктемнің ең таңғажайып, ең нәзік мерекесі және әйелге көңіл бөлу, бұл махаббаттың, арман мен сұлулықтың символы, - деді мекеме бастығының орынбасары Иван Падалко.

Мекеменің барлық қызметкерлері әйелдер өкілдерін жылы ілтипатпен және шын жүректен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру