Ақмолада учаскелік полиция инспекторлары кәсіпорында орын алған ұрлықты ашты
Учаскелік полиция инспекторлары Целиноград ауданындағы кәсіпорында орын алған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік учаскесінде көптеген функцияларды орындайтын қызметкер, оның ішінде профилактикалық жұмыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу, оқиғалар туралы азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын қабылдау.
30 қыркүйек Целиноград АПБ полиция бөлімінің кезекші бөліміне кәсіпорын басшысынан ұрлық туралы арыз келіп түсті. 1-29 қыркүйек аралығында белгісіз біреулер 35 дана В-32 маркалы су есептегіштерін ұрлағаны анықталды. Шығын сомасы 875 мың теңгені құрады.
Целиноград АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары Абылайхан Кикимов пен Асылбек Тасболатов ұрлық жасауда күдіктіні анықтады.
30 қыркүйекке қараған түні өзінің әкімшілік учаскесін патрульдеу барысында полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін байқады, оның жүргізуінде жолдағы маневрлер бойынша мас жүргізуші болған және кейінірек анықталғандай, ұрлық болған кәсіпорынның бұрынғы қызметкері болған.
Мас жүргізуші медициналық куәландырудан өту үшін наркологиялық орталыққа жеткізілді. Сонымен қатар, көзбен шолып қарау барысында автомобильдің жүксалғышында және салонында В-32 маркалы су өлшегіш-есептегіштері бар қораптар табылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұдан басқа, мас болу дәрежесін анықтау сараптамасының нәтижелерін алғаннан кейін ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.