Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық әйел ұрланған қомақты ақшасы бар сөмкесін тауып берген полицейлерге алғыс айтты

Ақмолалық әйел ұрланған қомақты ақшасы бар сөмкесін тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы Полиция департаменті парақшасының дирекциясына алғыс сөзімен Атбасар қаласының тұрғыны жүгінді.

Ағымдағы жылдың 19 тамызында “Бурабай” курорттық аймағында белгісіз адам жеке заттары, сондай-ақ ішінде ірі ақша сомасы бар әмиянды ұрлап әкетіп, жәбірленушінің банк карталарының бірінен ақша қаражатын шешіп алған.

Қылмысты ашудың күрделілігі оның кешкі уақытта орман аймағында жасалғандығында болды.

Қылмыс әйел құрбыларымен бірге Бурабайдың көрікті жерлерінің фонында селфиге түсіп жатқанда болған, сондықтан жәбірленуші сөмкесінің ұрланғанын бірден байқамаған.

Соған қарамастан, жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде ұры бір апта ішінде анықталды.

– Бурабай АПБ қызметкерлеріне, оның ішінде бастықтың орынбасарына Жеңіс Мұқышевқа, тергеуші Аслан Құдайбергеновке, Ермахан Дәулетбаевқа кәсібилігі, жедел жұмысы, өз борыштарына адалдығы үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деп жазады әйел өз хабарламасында.

Атбасар қаласының тұрғыны полиция қызметкерлеріне құрметін білдіріп, оларға және олардың отбасыларына зор денсаулық тіледі.

Сондай-ақ, күдіктіні қысқа уақыт ішінде ұстау және ұрланған заттарды қайтару аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдерінің кәсіби, сауатты іс-әрекеттерінің нәтижесінде мүмкін болғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру