Ақмолалық ер адам бірінші кездесу кезінде қыздың ақшасын ұрлап кетті
Ақмолалық ер адам бірінші кездесу кезінде қыздың ақшасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне Щучинск қаласының 39 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Әйел ұрлық туралы хабарлады. Алдын ала анықталғандай, бұрын бейтаныс адаммен алғаш кездескеннен кейін өтініш беруші 40 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражаттың жоғалғанын анықтаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғынының қылмыс жасауға қатыстылығын анықтады.
Жігіт кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды: «келу міндеттемесі».