Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бурабайда алаяққа алданған әйел 1,5 млн теңгесінен айырылды

Бурабай жедел уәкілдері 68 жастағы кәсіпкерді алдап кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Бурабай ауданының 68 жастағы жеке кәсіпкері қызмет көрсету бойынша хабарландыру сайтын пайдаланып, сауда бутигін дайындауға тапсырыс берді. Шебер өзінің қызметін куәландыратын барлық қажетті құжаттарды ұсынды, сонымен қатар қажетті өлшеулерді алдын ала жүргізді. Қызмет көрсеткені үшін тапсырыс беруші қаскүнемнің шотына 1 миллион 540 мың теңге аударды. Алдын ала төлем алғаннан кейін ер адам клиентпен байланысын тоқтатты, содан кейін алданған кәсіпкер көмек сұрап полицияға жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бурабай жедел қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 40 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру