Ақмолалық кәсіпорыннан 700 келіге жуық бидайды ұрлап кетті
Ақмолалық кәсіпорыннан 700 келіге жуық бидайды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Зеренді ауданында жергілікті тұрғын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінен 680 келі бидай астығын ұрлап кеткен. Ер адам түнгі уақытта 70 мың теңге құрайтын бөтеннің мүлкін ұрлап, жүкті өз автокөлігіне тиеген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында зеренді полицейлері күдіктіні анықтады, ол 39 жастағы аудан ауылдарының бірінің тұрғыны болып шықты.
– Егін егу және егін жинау кезеңінде ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы ұрлық саны артып келеді, – деп атап өтті полицейлер.
Ұрлыққа қарсы тұру мақсатында, полиция қызметкерлері жинау науқаны кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар жүргізуде.